13:08 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Көлік

Алматы облысы тұрғыны әйел адамды қағып өлтіріп, қашып кетті

CC0
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

62 жастағы жергілікті тұрғынның денесі 3 мамырға қараған түні Қарасай ауданы Ұлан ауылына жақын жерден табылған

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Алматы облысында полицейлер жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға "Алматы-Астана" тас жолына болған. 3 мамырға қараған түні Қарасай ауданы Ұлан ауылына жақын жерден 62 жастағы әйелдің денесі табылды.

"Оқиға орнында табылған фрагменттердің көмегімен ақ түсті "Нексиа" көлігі анықталып, жедел іздеу шаралары барысында жол апаты орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Күдікті Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты, ол аудандық полицияға жеткізіліп, көлігі арнайы тұраққа қойылды", — деп мәлімет берді Алматы облысы ІІД ЖПҚ іздеу бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ерлан Кәрібаев.

Жаяу жүргіншіні қағып өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Кілт сөздер:
кісі қағып өлтіру, жаяу жүргінші, жол апаты, Алматы облысы
Загрузка...

Басты тақырып