Оқиға

Оралда күйеу баласы енесін атып өлтірді

Жазылу
Зейнеткер жедел жәрдем келгенше оқ жарақатынан жан тапсырған. Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Атыс Оралда көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы пәтерде болған, деп хабарлайды өңірлік "Мой Город" басылымы.

пистолет, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сарыағашта тағы да атыс: полиция көрші ауылдың тұрғынын өлтірген адамды іздеп жатыр

"Күйеу баласы енесін атып өлтірді. Кейін қайын атасына да оқ атқан. Оны жедел жәрдем алып кетті. Әйел адамның "Көмектесіңдер" деп айғайлағанын естідім. Сол кезде дүкенге кетіп бара жатқанымын. Мына жерде әжелер отырды. Жастарды шақырыңыздар, әйелге көмектессін дедім. Атылған оқ үнін бәрі естіді", — деді тұрғындардың бірі.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, дәрігерлер әйел адамның жедел жәрдем жеткенше қайтыс болғанын айтыпты. Зейнеткер оқ жарақатын алған.

"66 жастағы ер адам оқ жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді", — деп мәлімет берді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Жаңалықтар
0