01:19 25 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Пышақ

Қостанай тұрғыны тілін алмаған жасөспірім қызын пышақтап тастады

CC0
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Қызы тыңдамай қойған соң, әкесі ашуға булыққан

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Жанжал кезінде туған қызын өлтірген 44 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бұрын сотталған, 1974 жылы туған ер адам 99-баптың 2-бөлімі 14-тармағы (Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаны қасақана өлтіру) бойынша айыпталып отыр.

Ер адам 2016 жылы мерзімінен бұрын түрмеден шығыпты. Бостандыққа шыққан соң Қостанайдағы туған әпкесінің үйінде тұрады. Онымен бірге кәмелеттік жасқа толмаған, 2002 жылғы қызы да тұрған. Әкесі қызын тәрбиелеп, бағып-қағуға тырысады.

Биыл наурызда ер адам әке ретінде тілін алмай қойған қызымен ұрысысады. Мас күйінде ашуға булыққан ол жасөспірімді пышақтап тастаған. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды.

Іс Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Кілт сөздер:
қылмыстық іс, пышақтау, қыз бала, әке, Қостанай

Басты тақырыптар