09:05 17 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD360.87
  • EUR410.27
  • RUB5.40
Терезенің жанында тұрған әйелдің сұлбасы, архивтегі фото

Көкшетауда қартаң әйел төртінші қабаттан құлап кетті

© AFP 2018 / MARIA ANTONOVA
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Терезеден құлаған әйел ауруханада алған жарақатынан көз жұмды

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен 60 жастағы әйел ауруханада жан тапсырды.

Оқиға өткен сенбі, 12 мамыр күні Көкшетауда болған.   

Әйел "жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған" деген диагнозбен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Ол алған жарақатынан 14 мамыр күні көз жұмды, деп хабарлады құқық қорғау органдары.   

Аталған дерек бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Бұған дейін әйел өзін өлтірмек болған, ол есепте тұрғаны белгілі болды. Анасымен және бауырымен бірге тұрған.  


Басты тақырыптар