Оқиға

Көкшетауда жол апаты салдарынан тұрақтағы көлікке электр бағаны құлады – видео

© Photo : РixabayЖолдағы апатты тоқтау белгісі
Жолдағы апатты тоқтау белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, кроссовер жүргізушісі бағанға соғылып, ол жанында тұрған көлікке құлаған

КӨКШЕТАУ, 10 маусым – Sputnik. Көкшетауда жеңіл көлік жүргізушісі электр тарату бағанына соғылып, автокөлікті зақымдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.  

Мопед қақ бөлінді - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жантүршігерлік жол апаты: екі адам мінген мопед қақ бөлінді

Оқиға 8 маусым күні облыс орталығындағы Қуанышев көшесінде болған. Алдына ала мәлімет бойынша, иномарка жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр тарату желісімен соқтығысқан. Қатты соққыдан баған тұрақта тұрған автокөлікке құлаған.   

Ақмола ішкі істер депаратментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.  

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. 

Жаңалықтар
0