Оқиға

Шудағы пойыз апаты: бір тәулік ішінде не істелді?

© Sputnik / Алексей ФилипповТеміржол, архивтегі фото
Теміржол, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүйсенбіде құтқарушылар аударылған вагондарды алып кетіп, жол төсемін қалпына келтіреді

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Жамбыл облысы Шу қаласы маңында болған апат орнында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Рельс, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шуда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті – оқиға орнынан видео

Хабар 24 арнасының мәліметінше, таңертеңнен арнайы штаб жұмыс жоспарын тағы бір пысықтап, мамандар өз саласы бойынша іске кірісті. Қазір оқиға болған аймақ толық оқшауланып, себеп-салдарын анықтау мақсатында тексеру шаралары басталды.

Аударылған вагондар әлі апат орнында жатыр, оларды әкетуге арнайы техника келді. Апаттың салдарын жоюға, алдын ала мәлімет бойынша, 300-ге тарта адам қатысып жатыр. Зардап шеккен 48 жастағы Астана тұрғынына бүгін ота жасалады деп жоспарланған. Көз жұмған 12 жастағы жасөспірімнің мәйіті кеше Қарағандыға жөнелтілді.

"Түні бойы жұмыс істегендерді өзге мамандар алмастырып, қосымша күштер тартылды. Қазір қисайған теміржол төсемдерін бірнеше бригада мен ондаған техника қалпына келтіріп жатыр", – деп жазылған апат орнында жұмыс істеп жатқан тілшінің хабарламасында.  

Киев әуежайына ұшақтың қатты келіп қонған сәтінің видеосы - Sputnik Қазақстан
Видео
"Өлімге дайын болдық". Ұшақта түсірілген видео таралып жатыр

Апат аумағында жолаушылардың заттары шашылып жатыр. Пойызды тонап кетпеу үшін күзет қойылған.    

Кеше Жамбыл облысы Шу ауданында "Астана-Алматы" жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Пойызда 829 жолаушы келе жатқан. Апат кезінде 12 жасар жасөспірім көз жұмды. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы 14 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Олардың ішінде біреуі ғана ауруханаға жатқызылған.      


Жаңалықтар
0