22:17 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Қазақ-қырғыз шекарасы

Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз өлім аузынан қалды - видео

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
813 0 0

Көлік бар жылдамдықпен келіп шекарашыны қағып кете жаздады

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде тарап кеткен видеода автокөлік шекарадағы өткізу бекетінің қақпасына бар жылдамдықпен соғылған.

Видеоның астындағы жазбада оқиғаның қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанның Қордай ауылы маңында болғаны айтылыпты.

Кадрларға қарағанда, шекарашы қара көлікті тексеріп жатады, сол кезде қатты жылдамдықпен келген ақ кроссовер қақпаға соғылған. Соққы салдарынан қара көлік алға сәл жылжып кетті. Абырой болғанда, шекарашы да шетке ығысып үлгеріпті.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша оқиға Қырғызстан территориясында болмаған. Дегенмен анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Бастапқы деректер бойынша, бұл жайт Қазақстан аумағында болыпты. Sputnik Қазақстан еліміздің Шекара қызметінен әлі жауап ала алған жоқ.

Кілт сөздер:
шекарашы, оқыс оқиға, сарбаз, көлік, Қазақ-қырғыз шекарасы
Загрузка...

Басты тақырып