Оқиға

Алматыда бес көлік апатқа ұшырап, екі бала зардап шекті

© SputnikАлматыда ірі көлік апаты болды
Алматыда ірі көлік апаты болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды

АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Алматыда Саин көшесі бойында Төле би көшесіне жетпей ірі жол апаты болды, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.

Оқиға куәгерлері мен жүргізушілердің айтуынша, Toyota Camry Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатады. Төле би көшесіне жетпей, жүргізуші жылдамдығын ақырындата бастаған, ал оның артынан келе жатқан Mitsubishi Galant бар жылдамдығымен Toyota Camry көлігін соққан.

© SputnikАлматыда ірі көлік апаты болды
Алматыда ірі көлік апаты болды - Sputnik Қазақстан
Алматыда ірі көлік апаты болды

Содан соң жүргізушілер көліктен шығып, оқиғаның мән-жайын талқылап жатқанда, солтүстік бағытта келе жатқан тағы бір Mitsubishi Galant апатқа ұшыраған Mitsubishi Galant көлігін қағып, сол жақ шеткі жолаққа ығыстырып жібереді.

© SputnikАлматыда ірі көлік апаты болды
Алматыда ірі көлік апаты болды - Sputnik Қазақстан
Алматыда ірі көлік апаты болды

Сол кезде ол жолақта Lexus LX 470 келе жатқан. Ол Mitsubishi Galant пен Toyota Camry көліктерін соғып барып тоқтайды, ал екінші Mitsubishi Galant жол апаты орнынан кетіп қалған. Кейінірек солтүстік бағытта Mercedes-Benz C-Class келе жатып, жолдағы адамдарды көріп, тежегішті басады, бірақ су асфальтқа тайғанап, бар жылдамдығымен Mitsubishi Galant көлігіне соғылады, ал ол өз кезегінде Toyota Camry көлігін қайта қағады.

© SputnikАлматыда ірі көлік апаты болды
Алматыда ірі көлік апаты болды - Sputnik Қазақстан
Алматыда ірі көлік апаты болды

Оқиға салдарынан Mitsubishi Galant көлігінде отырған екі бала зардап шекті. Жедел жәрдем келгенімен, олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Желіде Ескендір Сүлейменов ажал құшқан жол апатының видеосы жарияланды>>

Алматыда жылдамдықты асыра зулаған көлік шұңқырға түсіп кетті>>

Жаңалықтар
0