Оқиға

Жантүршігерлік жол апаты: 5 адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті

© Sputnik / Сергей Титов / Медиабанкке өтуЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта полиция жол апатының анық-қанығын тергеп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған

ТАЛДЫҚОРҒАН, 3 шілде — Sputnik. Кеген – Сарыжаз – Нарынқол тас жолында екі көліктің соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тауып, жеті адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Жол апаты туралы хабарлама әлеуметтік желілерде жарияланған. Апат Райымбек ауданы Кеген ауылына жақын жерде болыпты.

Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай,  Toyota Camry мен ЗАЗ Chance соқтығысқан екен.

Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қостанайда 29 жастағы қыз екі баланы қағып кетті>>

Алматыда бес көлік апатқа ұшырап, екі бала зардап шекті>>

Жаңалықтар
0