00:54 16 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD343.45
  • EUR399.57
  • RUB5.52
Құтқарушылар, архивтегі фото

Павлодарда жас қыз моторлы қайықпен серуендеймін деп қолынан айырылды

© Sputnik / Павел Лисицын
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
172 0 0

Дәрігерлер баланың зақымданған қолын аман алып қала алмады, білезігінен кесіп тастауға тура келді

ПАВЛОДАР, 10 шілде — Sputnik. Павлодар облысында он бес жасар қыз демалыс кезінде қолының білезік тұсынан айырылды. 

Оқыс оқиға 8 шілде күні Қашыр ауданының Тереңкөл ауылында болды. Куәгерлердің айтуынша, 2003 жылы туған қыз қайыққа байланған жіпті қолына орап,  моторлы қайықпен серуендеген. Шұғыл бұрылыс кезінде ол суға құлап кетіп, қайық сүйреп әкеткен. Зардап шегуші алдымен аудандық ауруханаға жатқызылып, кейіннен облыстық ауруханаға ауыстырылды. Оқиға туралы Instagram-дағы "Типичный Павлодар" паблигінде белгілі болды.  

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы қыздың сол білезігін кесіп алып тастауға тура келгенін хабарлады. Қазір қыз аурухананың травматология бөлімінде жатыр.   

Қандай ыдыс рак тудыратыны белгілі болды

Келесі күні Павлодардағы "Усадьба" сауықтыру кешенінде жасөспірім суға батып өле жаздады. Куәгерлердің айтуынша, бассейнде шомылып жүргенде денсаулығы нашарлап кеткен, демалушылар оны су түбінен тауып алды. Жасөспірім судан шығарылған кезде тыныс алмай жатқан, алайда кешен қызметкері мен демалушылардың бірі шұғыл көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенше баланы аяғынан тұрғызған. 

Алматыда суға батып жатқан жігітті достары тастап қашып кеткен  


Кілт сөздер:
бассейн, қайық, Павлодар облысы

Басты тақырыптар