01:28 22 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
кісен, архив суреті

Мәскеуде қазақстандық жігіт ұсталды: СІМ түсініктеме берді

© AP Photo / Rick Bowmer
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
100 0 0

26 жастағы қазақстандық жігіт университеттің ішінде оқытушыны пышақтап, қашып кеткен, келесі күні ол ұсталды

АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің аспирантының ұсталуына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"1992 жылы туған қазақстандық, Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің аспиранты 30 маусымда ұсталды. Тергеу тағы бір ай жүреді, 30 тамызға дейін қамауда болады. Ата-анасы адвокат жалдады", — деді Sputnik тілшісіне министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров. 

Айта кетейік, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары 26 жастағы қазақстандықтың оқу орнының әжетханасында оқытушыға пышақпен тап бергенін хабарлаған еді. Оқиға 29 маусымда болған. 

Қазақстандық 28 жастағы медициналық-техникалық ақпараттық технологиялар кафедрасының ассистентінің қарнына және иығына пышақ тығып, қашып кеткен. Зардап шеккен оқытушы ауыр хәлде аурухана жеткізілді. 

Болған жағдай университеттің бақылау камерасына түсіп қалған. Жігіттің не себепті оқытушыны пышақтағаны әзірге белгісіз.

Кілт сөздер:
қазақстандық жігіт, сыртқы істер министрлігі, Мәскеу
Загрузка...

Басты тақырыптар