Оқиға

Шымкентте алапат өрт 45 көлікті жойып жіберді

© Photo : КЧС МВД РКШымкентте айыппұл тұрағындағы өрт
Шымкентте айыппұл тұрағындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір полиция оқиғаны тергеуді бастады

ШЫМКЕНТ, 15 шілде — Sputnik. Шымкентте айыппұл тұрағында КАМаЗ өртеніп, салдарынан 45 көлік жанып кетті.

өрт сөндірушілер, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда той өтіп жатқан мейрамханада өрт шықты - видео

ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көліктерден бөлек, тұрақ жанындағы екі қабатты ғимарат түгелдей өртеніп кеткен.

Жалынды ауыздықтап, сөндіру үшін екі сағаттай уақыт кетті.

"Өрт салдарынан жойылуға тиіс 35 көлік жанып кетті, тағы он көліктің иелеріне айыппұл салынған еді", — деп хабарлады ТЖД.

Жойқын өртті сөндіруге он жеті арнайы көлік, 76 адам жұмылдырылған.

Қарағандыда жанармай құю бекетіне найзағай түсіп, жарылыс болды


Жаңалықтар
0