Оқиға

Алматы облысында 35 жастағы әйел селфиге түсемін деп қаза тапты

© РИА Новости / Медиабанкке өтуСелфи
Селфи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел Қаскелең өзеніне батып кеткен

АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Алматы облысында тастың үстіне шығып, суретке түспек болған жас әйел суға кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Қайғылы оқиға кеше "Нұрлы Тау" демалыс орталығы аумағында болған. Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары Қаскелең өзеніне батып кеткен 35 жастағы әйелдің денесін кешкі сағат 9-да алып шықты.

Балалар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Баянауылда катамаранға отырған екі жасөспірім суға кетті

"Іздеу жұмыстары үш сағатқа созылды, марқұмның денесі қайғылы оқиға болған жерден қашық жерден табылды. Қатты ағыс пен күннің батуы іздеу жұмыстарын қиындатты. Әйелдің денесі қоқыс пен бұтақтарға оралып қалған", — деді РЖҚЖ құтқарушы-медбикесі Екатерина Клочко. 

Куәгерлердің айтуына, әйел тастың үстіне шығып, суртке түспек болғанда, өзенге құлап кеткен. Оқиға компания корпоративтік мерекесін атап өткен "Нұрлы Тау" демалыс орталығының аумағында болды. 

Астанада кілем жуып жатқан әйел екі қызымен суға батып кетті

РЖҚЖ құтқарушылары таулы өзендер маңында абай болуды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Жаңалықтар
0