Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі әйел ауруханада жатыр

© Sputnik"БМВ" ағашқа соғылды
БМВ ағашқа соғылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қымбат көлік иесі рөлге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен

АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды, себебі әлі анықталған жоқ, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.

Жол апаты Тимирязев және Марков көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, BMW 5 Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатады. Марков көшесін кесіп өткен соң, бұрылыста неге екені белгісіз жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік бір шетке шығып кеткен.

© Sputnik"БМВ" ағашқа соғылды
БМВ ағашқа соғылды - Sputnik Қазақстан
1/3
"БМВ" ағашқа соғылды
© Sputnik"БМВ" ағашқа соғылды
БМВ ағашқа соғылды - Sputnik Қазақстан
2/3
"БМВ" ағашқа соғылды
© Sputnik"БМВ" ағашқа соғылды
БМВ ағашқа соғылды - Sputnik Қазақстан
3/3
"БМВ" ағашқа соғылды
1/3
"БМВ" ағашқа соғылды
2/3
"БМВ" ағашқа соғылды
3/3
"БМВ" ағашқа соғылды

BMW қарсы беттік қозғалыс жолағын кесіп өтіп, бордюрден асады да, ағашқа бір-ақ соғылады. Көліктің артқы бөлігі әуеге көтеріліп, көше шамы бағанасына соғылған. Қатты соққылардан автокөліктің күл-талқаны шықты.

Жол апаты салдарынан BMW көлігінің екі жолаушысы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Жүргізуші жеңіл-желпі жарақат алды.

Петропавлда көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті

Жаңалықтар
0