Оқиға

Бапкер Денис Теннің өмірінің соңғы күнінде немен айналысқанын айтты

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Узурованың айтуынша, трагедия күні Денис Тен жас мәнерлеп сырғанаушы Алана Тоқтаровамен жаттығу өткізген

АСТАНА, 19  шілде — Sputnik. Денис Тен жас болғанына қарамастан, Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спортын дамыту үшін біраз дүние жасап үлгерді, деп мәлімдеді Sputnik агенттігіне мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова. 

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?

Ол ұлы спортшының мезгілсіз қаза табуына байланысты өкініш білдірді. 

"Қайғыдан қабырғамыз қайысып отыр. Ол ұлы спортшы, ұлы мәнерлеп сырғанаушы, тамаша адам еді, әлі сене алмай отырмыз. Бұл барлығымз үшін өте ауыр қайғы", — деді Урузова телефон арқылы. 

Оның айтуынша, соңғы кездері Денис Тен Алматының "Халық Аренасында" жаттыққан. 

"Бүгін ғана ол менің оқушым Алана Тоқтаровамен сырғанады. Кеше де гран-приге дайындалып жүрген қызбен жұмыс істеген еді. Анасымен жақында кездестім, ал Денисті көрген жоқпын, өйткені оның қолы бос емес, басқа мұз айдынында жұмыс істейді", — деді ол. 

Денис Тенді пышақтап кеткен жерден фото

Бапкер Денис Теннің Қазақстан үшін және мәнерлеп сырғанау үшін көп дүние жасағанын атап өтті. 

"Оның барлық шоуы, барлық жеңісі Қазақстанды спорт әлемінде өте жоғары деңгейге шығарды. Жас болса да, көп іс тындырған еді", — деп түйіндеді Узурова. 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүгін Алматы қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада пышақ жарақатынан көз жұмды. Полицияның ақпаратынша, спортшыға көлік ұрылары шабуыл жасаған.

Жаңалықтар
0