23:10 05 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD387.48
  • EUR428.98
  • RUB6.05
Нұралы Қиясов

Денис Теннің өлімі: Күдікті сотта не айтты?

© Sputnik / Тимур Батыршин
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (101)
2445 0 0

Сот Денис Теннің өліміне күдікті Нұрәлі Қиясовты қамауға алуға санкция берді

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікті 24 жастағы Нұрәлі Қиясов қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі сот залынан. 

Бүгін кешке Алмалы аудандық сотында күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы отырыс өтті. 

Бұған дейін жасырынып жүрген екінші күдікті Арман Құдайбергеновті сырттай қамауға алуға санкция берілген еді. Шамамен бір сағаттан кейін полиция оны ұстады. 

Кейін сотқа Нұрәлі Қиясов жеткізілді. Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталғанын бүгін таңертең хабарлаған болатын. Отырыс басталғанға дейін оны залға қолындағы кісенмен алып кірді. 

Нұралы Қиясов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Нұралы Қиясов

Күдікті жұмыссыз, балалары жоқ, бұған дейін істі болған. 2015 жылы автокөлік айдап әкеткені үшін сотталған. Судья Алма Әбдіхалықова Қиясовқа сөз берді. 

"Мен ол адамға пышақ сұққан жоқпын. Жай ғана қарап тұрдым", — деді Қиясов басын төмен салбыратып. 

Sputnik тілшісі сот залынан хабарлағандай, Қиясов эмоциясыз, ақырын, асықпай сөйлеген. Сөзінің соңында біраз кідірді. 

Кейін судья кеңес бөлмесіне кетті. 

Денис Теннің өліміне байланысты Назарбаевтың берген тапсырмасы

Қиясовтың қорғаушысы соттан күдіктіні ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатуды сұрады. Алайда сот күдіктіні қамауға алуға негіз жеткілікті екенін айтты. 

Қиясовқа қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды.

19 шілдеде Алматыда пышақ жарақатынан қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, мейрамханадан шыққан спортшы Құрманғазы көшесіндегі автотұрақта тұрған көлігіне келе жатып, Лексустың айналарын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Кейбір оқиға куәгерлерінің айтуынша, Денис ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, олар оның аяғына пышақ тығады. Пышақтың жүзі жамбас күретамырына тиген. Тен сол жерде есінен танады. Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Денис Теннің әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы

Бүгін таңертең полиция күдіктілердің біреуін, Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясовты ұстайды. Кейін оның бұған дейін заңды бұзғаны анықталды. Ол былтыр мас күйінде рөлге отырғаны үшін үш жылға жүргізушы куәлігінен айырылған. Бұдан бөлек, өткен жылы ұрлық жасағаны үшін сотты болған, бірақ іс тараптар мәмілеге келген соң жабылған. Қиясов қылмысын мойындады, одан кейін күдікті спортшы қаза болған жерге жеткізіліп, оқиғаның қалай болғанын көрсетті. Sputnik тілшісі бұл эксперименттің бір бөлігін видеоға түсіріп алды.

Екінші күдікті – 23 жастағы Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов бүгін кешке ұсталды.

Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)

Тақырып бойынша

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды
Желіде Денис Теннің әні жарияланды
Денис Тенмен қоштасу рәсімі Астанада қашан және қайда өтеді?
Денис Тенді өлтірді деген күдікті оқиғаның қалай болғанын көрсетті - видео
Денис Теннің қазасы: ұсталған күдікті бұған дейін заң бұзған болып шықты
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Денис Тенді неге жақын маңдағы ауруханаға жеткізбеген?
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
"Өмірді шын сүйемін". Денис Теннің арманы қандай еді?
Денис Теннің мұз айдынындағы соңғы шоуы – видео
Денис Тенге шабуыл жасалған жерден фото жарияланды
Бапкер Денис Теннің өмірінің соңғы күнінде немен айналысқанын айтты
Денис Тенге шабуыл жасалған жерден видео жарияланды
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанаушы, күдікті, Денис Тен, Үлкен Алматы
Загрузка...

Басты тақырып