Оқиға

Қазақстанның батысында биыл мектеп бітірген қызды өлтіріп кетті

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖансақтау бөлімінің автокөлігі
Жансақтау бөлімінің автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірімнің денесі дәмхана маңынан табылды. Әзірге күдіктіге қатысты ақпарат жарияланған жоқ

АСТАНА, 29 шілде — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Дарьинск елді мекенінде 11-сыныпты бітірген қызды өлтіріп кетті.

Такси - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда жас жігіт такси шопырын өлтіріп, көлігін сатып жіберген

Қылмыс 28 шілдеге қараған түні жасалған. Қыздың жансыз денесін "Аққу" дәмханасының маңынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.  

Ауыл тұрғындары қаза тапқан қыз Дарьинск елді мекенінде тұратынын, биыл мектеп бітіргенін хабарлады.  

Аудан әкімшілігі "Мой город" сайтына кісі өлтіру дерегін растады.  

"17 жастағы қыз көз жұмды. Құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр", — деп нақтылады Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров. 

Денис Тенді пышақтаған жерден видео жарияланды 

Аудан әкімдігі басшысының айтуынша, оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары барған.

Сонымен бірге күдіктілер ұсталған-ұсталмағаны хабарланбай отыр, сондай-ақ жасөспірімнің қалай өлтірілгені де белгісіз.

Жас ана селфиге түсемін деп баласынан айырылып қалды – видео

Жаңалықтар
0