Оқиға

Қырғызстанда қазақстандық туристерді құлаған тастар басып қалды

© Public DomainТау, тастар
Тау, тастар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тасқұламадан зардап шеккен қазақстандық және ресейлік туристерді құтқару үшін Қазақстан тікұшағы аттанды

АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Республикалық жедел құтқару жасағының тоғыз құтқарушысы мінген "Қазавиақұтқару" кәсіпорнының тікұшағы Қырғызстандағы туристерге жәрдем беру үшін аттанды.

Хан Тәңірі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қырғызстандағы тікұшақ апаты: Қазақстан альпинистерді қалай құтқарды?

Бастапқы мәлімет бойынша, Скрябин мұздығының ауданында теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер таудан құлаған тастар астында қалған.

Қырғызстан аумағында болған тасқұлама салдарынан Қазақстан мен туристері зардап шегіпті.

"Зардап шеккендердің төртеуі – Қазақстан азаматтары. Біреуі қаза тапты. Тағы бірі ауыр хәлде жатыр", — деп хабарлады сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.

Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз:

Алматыда туристер құлаған тастар астында қалып қойды

Алматы тау шатқалында ресейлік турист қаза тапты

Жаңалықтар
0