08:50 18 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD377.62
  • EUR426.03
  • RUB5.67
Сот

"Төрт ағайындының" соты: банда мүшелері 100 жылға сотталды

© Sputnik / Дмитрий Матвеев
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
458 0 0

Басты сотталушы - "Төрт ағайынды" қылмыстық тобын құрған Еркін Ізбасаров 12 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Ақтөбе облысында ірі көлемде мұнай ұрлау ісі бойынша үкім шықты. "Төрт ағайынды" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне мұнай ұрлады деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

"Төрт ағайындыға" тағылған айып

Сонымен, 26 адам темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Олардың арасында Қазақстанда атышулы "Төрт ағайынды" қылмыстық тобын құрушы Еркін Ізбасар мен оған қолдау көрсеткен ішкі істер министрлігінің полиция полковнигі Рахмет Аханов бар.

Қылмыстық істің материалдары 300 томға дейін жеткен, ал 180 беттен тұратын айыптау актісін мемлекеттік айыптау екі күн бойы оқыды. Сот үкімін қысқаша оқу үш сағатқа созылды.

Сот топ мүшелерін мұнай ұрлау, рейд, ақша бопсалау, қаруды заңсыз сатып алу және сақтаумен айналысқаны үшін айыпты деп таныды. Ал Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары ҰҚТ-ның мұнай ұрлағанын жасырып, қорғаншылық жасап отырған.

"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының басшысы кім?

Тергеу мен прокуратура мәліметінше, "Төрт ағайынды" ҰҚТ-ның басшысы — Еркін Ізбасар, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ізбасар көп жылдан бері мүгедектер арбасына таңылған. 2003 жылы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін шартты түрде жазасын өтеп жүріп, "Төрт ағайынды" қылмыстық тобын құрыпты. Айыптауларға жауап ретінде банда басшысы өзінің қылмыстық топқа қатысы жоғын алға тартып, мүгедек адам қылмысқа араласа алмайды деп ақталды.

ҰҚТ-ның басқа мүшелері тоғыз жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

Ізбасар мен басқа сотталушылар былтыр 7 желтоқсанда арнайы операция кезінде ұсталды. ҰҚТ Ақтөбе облысындағы кен орнынан ірі көлемде мұнай шикізатын ұрлап келген. Ұрланған мұнайды шағын мұнай өңдеуші зауыттарға жеткізіп, кейін пешке жағатын жанармай ретінде жарты бағасына сатыпты.

"Төрт ағайынды" мұнайдан қалай пайда тапты?

2014 жылы Ізбасардың тобы өңірдегі мұнай ұрлаушылардың бәріне басшылық жасауға шешім қабылдайды. Олар кен орнынан мұнай ұрлаған ақтөбеліктерге салық салған. Ұрланған мұнайдың әр литрі үшін ұрылар үстеме пайыз төлеуге міндеттеліпті.

ҰҚТ онымен қоймай ескі кен орындарынан мұнай ұрлаған жергілікті тұрғындарды да уысында ұстаған.  Қылмыстық топтың барлығы қанша мұнай ұрлағанын беймәлім.

Тағы оқыңыз: Қызылордадағы мұнай ұрлау ісі: бизнесмендер қанша жылға сотталады?

"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының мүшелері

Ұрланған мұнайды тасымалдаушы жүргізушілермен қатар "Сағыз Петролеум" ЖШС және "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ кен орындарының операторлары да ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Ұрланған мұнайды тасымалдаған көліктерді полиция тоқтатпауы үшін Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Рахмет Аханов та іске араласқан. Бұл қызметі үшін полковник ай сайын 300-400 мың теңге пайда тауып отырыпты.

Сот Ахановты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін бес жыл үш айға соттап, полиция полковнигі шенінен айырды.

Ұрланған мұнайды тасымалдаған жүргізушілерді сот бес жылға бас бостандығынан айырып, бірақ рақымшылық қолдануға шешім қабылдады. Мұны естіген сотталушылар босап шығамыз деп үміттенген болатын. Алайда рақымшылықтан кейін жаза мерзімі бір жылдан астам уақытқа ғана қысқарып, сотталушылар бәрі бір түрмеге отырады.

"Төрт ағайынды" мүшелерінің жаза мерзімін жалпы есептесек, ірі көлемде мұнай ұрлау ісіне қатысқандар барлығы 100 жылға сотталған.

Тағы оқыңыз: Қылмыстық беделділерден мұнай ұрлау ісі бойынша жауап алынып жатыр

Кілт сөздер:
жаза мерзімі, үкім, мұнай ұрлау ісі, сот, қылмыстық топ, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырыптар