22:33 15 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD363.28
  • EUR414.25
  • RUB5.44
Теміржол

Жамбыл облысында рельстен шығып кеткен вагондардан ақау табылды

© Sputnik / Тимур Батыршин
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

БАҚ-та жарияланған апаттың бастапқы себептері расталды: вагондардың бүйір рамасы сынып кеткен екен

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысында жүк вагондарының не себепті рельстен шығып кеткені белгілі болды.

"Қазақстан Темір Жолы" мәлімдегендей, Сарышаған-Шығанақ учаскесіндегі пойыз апаты вагондардың бірінің бүйір рамасы сынуы салдарынан болған.

Анықталғандай, тоғыз жыл бұрын өндірістен шыққан бүйір рамада ақау табылды — Азовэлектросталь" кәсіпорнында раманы құю кезінде кемшілік жіберіліпті".

Ұлттық компания вагонның иесі — "Исткомтранс" ЖШС-ін шығынды өтеуге міндеттеді.

-ның хабарлауынша, аталған зауыттан шыққан бүйір рамалардың сынуы салдарынан соңғы сегіз жылда 14 рет вагондар рельстен шығып кеткен.

Естеріңізге сала кетсек, 31 шілдеде Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Апат салдарынан жолаушылар пойыздарының кестесі өзгеріп кеткен. Кей қазақстандықтар вокзалдағы перрон мен орындықтарға жатып, пойыз күтуге мәжбүр болды.

Тақырып бойынша

Атырауда бес вагон рельстен шығып кетті
Жамбыл облысында қырғызстандық пойыз рельстен шығып кетті
Қарағанды түбінде вагондардың рельстен шығып кетуінен пойыздар кешігуде
Шудағы пойыз апаты: Қасымов машинист ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды
Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?
Пойыз апаты кезінде зардап шеккендердің аты-жөні жарияланды
Шудағы пойыз апаты: бір тәулік ішінде не істелді?
Кілт сөздер:
жолаушылар, теміржол, вагон, пойыз апаты, ҚТЖ, Жамбыл облысы

Басты тақырыптар