Оқиға

Балқаш түбіндегі жантүршігерлік жол апаты 6 адамның өмірін қиды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеуді бастады, бірқатар сараптама тағайындалған

ҚАРАҒАНДЫ, 10 тамыз — Sputnik. Қарағанды облысында Балқашқа жақын тас жолда екі жеңіл көлік соқтығысып қалды. Көлік апаты салдарынан алты адам оқиға орнында ажал құшқан.

Жол апаты Балқаш қаласынан 50 шақырым жерде болды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан екі жеңіл көлік соқтығысқан.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанадағы жантүршігерлік жол апаты: КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты

"Болжам бойынша, Lexus ES-300 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кетіп, 43 жастағы Алматы тұрғыны айдап келе жатқан Nissan Juke көлігіне бір-ақ соғылған. Жол апаты салдарынан Lexus жүргізушісі мен үш жолаушысы, сонымен бірге Nissan жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Апатқа кім кінәлі екені тергеу барысында анықталады", — деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров Sputnik агенттігіне.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, Nissan Juke көлігінде отырған екі жолаушы аман қалыпты. Бастапқы деректер бойынша алты жасар бала мен оның анасы. Тас жолдың бұл учаскесі жабық, көліктер айналма жолмен өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0