22:34 15 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD363.28
  • EUR414.25
  • RUB5.44
апат белгісі

Шымкенттен Сарыағашқа бет алған жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

CC0 / Rico_Loeb
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
299 0 0

Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус жүк көлігімен соқтығысқан

ТҮРКІСТАН, 13 тамыз — Sputnik. Түркістан облысында жолаушылар автобусы жол апатына түсіп, 10 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше 17:30 кезінде Алматы-Ташкент-Термез тас жолында Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус жүк көлігінің артқы жағына соғылған. Салдарынан Өзбекстан азаматы оқиға орнында қаза болды.

Зардап шеккен 10 адам Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілген. Олар — автобустың жүргізушісі мен жолаушылары, үшеуі Қазақстан азаматы, ал жетеуі Өзбекстан азаматы. 

Аталған жайт қылмыстық кодекстің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Полицейлер жол апатының себептерін анықтап жатыр. 

Жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен көлік адамдарды басты — видео

Тақырып бойынша

Балқаш түбіндегі жантүршігерлік жол апаты 6 адамның өмірін қиды
Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апаты: танымал тілші жазалануы мүмкін
Риддердегі атышулы жол апаты: Өскемен әкімі оқиға орнынан неге кетіп қалғанын түсіндірді
Қасымов Әл-Фарабидегі жантүршігерлік жол апаты туралы: қылмыстық іс жабылды
Шымкенттегі жантүршігерлік жол апаты: жүкті әйел ауыр хәлде жатыр
Кілт сөздер:
жол апаты, жолаушылар автобусы, Сарыағаш, Шымкент, Түркістан

Басты тақырыптар