Оқиға

Құдықтан су алып жатқан үш жігіт опат болды

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКҚұдық
Құдық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24-25 жастағы жігіттерге иіс тиіп қалған

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Алматы облысы Алғабас ауылында құдықтан су тартып алып жатқан үш адам иіс газына тұншығып қалды, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

Қайғылы оқиға 12 тамызда кешкі уақытта болыпты.

1993-1994 жылдары туған жігіттер он метр терең құдықтан су тартып шығарып жатады. Мотопомпадан шыққан иіс газына тұншыққан олар оқиға орнында жан тапсырды.

Жаңалықтар
0