Оқиға

Таразда жаппай төбелес болып, жас жігіт көз жұмды

© Sputnik / Владимир Воронин / Медиабанкке өтуЖаппай төбелес
Жаппай төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
23 жастағы тұрғын №1 қалалық ауруханада есін жимастан жан тапсырған

АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. 2 қыркүйек күні Тараздағы дәмханада болған төбелес соңы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төбелес - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қолын бұрап алып кетті: полиция төбелес шығарған қыздарды ажыратты

Қайғылы оқиға 2 қыркүйекте таңғы сағат 4:30-да Қазыбек би көшесінің бойында орналасқан "Барбарис" дәмханасында болған. Бір топ жігіт арасында жанжал шығып, салдарынан 23 жастағы тұрғын ауыр жарақат алды. 

"Жәбірленуші есін жимастан, №1 қалалық ауруханада көз жұмды. Өлімнің алдын ала себебі – миға қан құйылу, жабық бас сүйек-ми жарақаты", — делінген хабарламада.

"Алтын белгі" иегері өмір бойына сотталуы мүмкін

ІІД ақпаратынша, жедел іздестіру шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен Тараздың үш тұрғыны ұсталды. Күдіктілер шамамен 21-22 жаста. 

Сондай-ақ әр күдіктінің әрекеті анық түсіп қалған бейнежазба да бар. Бейнежазба қылмыстық іс материалдарына қосылды. 

Қазіргі таңда ҚР ҚК 106-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Алматы облысында сәтсіз қалжың екі адамның ажалына әкеп соқты

Жаңалықтар
0