06:58 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Суши

Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: баланың сушиден уланғаны анықталды

© Sputnik / Дмитрий Чеботаев
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
192 0 0

Зиян шеккендер тамақтанған дәмханада жұмыс істейтін бес қызметкерден стафилококк бактериясы табылды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Шымкентте үш жасар қыз өлгеннен кейін дәмханада тексеріс жүргізілді. Бүгін аталған тексеріс нәтижелері белгілі болды.
Мамандар марқұм бүлдіршіннің анасы интернет арқылы тапсырыс беріп алдырған пицца құрамынан микроб тапты. Аталған микроб ішек таяқшаларында кездесетін бактериялардың протей атты түріне жатады.

"Зиян шеккендер кешкі уақытта интернет арқылы тамаққа тапсырыс берген (суши мен пиццаға — Sputnik). Біз осы тапсырысты орындаған дәмхананы тексердік. "Филадельфия" сушиі жасалған азық-түліктің құрамында ішекте жайылатын бактерия бары анықталды", — деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі.

Сондай-ақ, протей түріне жататын микроб ана мен балада бары белгілі болды. Мұнымен қатар, мамандар үш жасар қыз тамақтанған дәмхананы да тексерді. Бактериялық зерттеу жүргізу үшін пиде, сүт пен бананнан жасалған көктейль және ет алынған еді. Бұл тағамдардың құрамы таза болып шықты. Кейін осы дәмханада жұмыс істейтін бес қызметкерде стафилококк бактериясы бары белгілі болды. Қызметкерлердің екеуі — аспаз, қалғандары — аспаз көмекшісі, ыдыс жуушы және кондитер.

Туған әкесі 3 рет зорлаған қыз педофилдерді өлтіруге қарсы шықты

Департамент аталған дәмханада жұмыс істейтін 15 қызметкер және суши мен пиццаны тиісті жерге жеткізіп отыратын 3 адам жұмыстан шеттетілгенін айтты. Олардың медициналық кітапшалары болмаған екен. Сондай-ақ, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелді. Тексеру жұмыстарының нәтижесі ішкі істер органдарына берілді. Дәл қазір тәуелсіз сарапшылар Шымкенттегі инфекциялық ауруханада тексеріс жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде үш жасар қызының дәмханаға барғаннан кейін қайтыс болғаны туралы жазды. 9 қыркүйек күні таңертең анасы мен баласы тоқтамай құсқан. Әйел аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды, ал қызды дәрігерлер аман алып қала алмады. Осы жағдайдан бір күн бұрын анасы мен қызы дәмханада түскі ас ішіп, кейін интернет арқылы суши мен пиццаға тапсырыс берген.

Тақырып бойынша

Алматыда жол ережесін бұзған көліктің кесірінен жас мотоциклші көз жұмды
Астанада маса шаққан жас келіншек ауруханада көз жұмды
"Күніне 25-30 темекі шеккен" Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды
Мысыр – Сауд Арабиясы матчының комментаторы ойын кезінде көз жұмды
Емтихан тапсыруға кеткен студенттің көлікте қалған екі қызы көз жұмды
Алматыда жол апаты кезінде қымбат көлік қақ бөлінді: жүргізуші көз жұмды
Астана банкіндегі депозитін ала алмаған шымкенттік көз жұмды
Кілт сөздер:
дәрігерлер, ана мен бала, инфекция, улану, қыз бала, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып