08:21 31 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD448.01
  • EUR495.86
  • RUB5.64
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
164901

Полиция Алматыда "жедел жәрдемнің" жолын кесіп, жүргізушіге жұдырық ала жүгірген жас жігіттің кім екенін анықтады

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Полиция қызметкерлері Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып-соққан ер адамды ұстады.

Ол 28 жастағы Түркия азаматы болып шықты.

"Бүгін жедел жәрдем көлігінің жүргізушісімен жанжалдасып, оған дене жарақатын салған Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол 1990 жылы туған Түркия азаматы болып шықты. Алмалы ауданы  ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі оның іс-әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлімі ("Бұзақылық" — Sputnik) бойынша бағалады", — деп хабарлады  Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптама тағайындалды.

Сейсенбі күні әлеуметтік желілерде жедел жәрдем дәрігері түсірген видеоролик пайда болды. Онда жас жігіт "жедел жәрдемнің" жолын қиып, көліктегі жүргізушіні ұра бастағаны көрінеді.

№6 жедел медициналық жәрдем станциясы бригадасының көлігінде науқас болған. 

Видеоны мына жерден көруге болады. 


Тақырып бойынша

Алматы полициясы жедел жәрдемге жол бермеген жүргізушіні тапты
Астанада "жедел жәрдем" көліктері сиренаны не үшін қосып жүргені анықталды
Жедел жәрдем қызметкерімен жанжалдасқан жүргізуші қамауға алынды
Оралда көз жұмған мұғалімнің туыстары жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты
Шымкентте жолаушылар автобусы "жедел жәрдемге" соғылды
Кілт сөздер:
шетелдік, жедел жәрдем, төбелес, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып