Оқиға

Павлодар облысында мектеп өртенді: 217 оқушы сабақта отырған

© Photo : ҚР ІІМ ТЖКПавлодар облысында ауыл мектебінде өрт шықты
Павлодар облысында ауыл мектебінде өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектептің бірінші қабатындағы тұрмыстық заттар жана бастаған

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Павлодар облысы Иртышск ауылындағы орта мектепте сабақ кезінде өрт шықты, деп хабарлайды

Астанада Жастар театрының шатырында өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада театр өртеніп жатыр - видео

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жұма, 21 қыркүйекте сағат 11.30-да №3 мектептің екі қабатты ғимаратында өрт шыққан. 

Бірінші қабаттағы техникалық персонал отыратын бөлме жана бастайды. 

"230 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 217-сі бала. Өрт 10 минуттан кейін ауыздықталды. Ал 50 минуттан кейін толық сөндірілді", — деп хабарлайды департаменттегілер. 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

© Photo : ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысында ауыл мектебінде өрт шықты
Павлодар облысында ауыл мектебінде өрт шықты  - Sputnik Қазақстан
Павлодар облысында ауыл мектебінде өрт шықты
Жаңалықтар
0