Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам өлді

© SputnikVolkswagen Touareg пен Audi көліктері соғылды
Volkswagen Touareg пен Audi көліктері соғылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасына себепші жүргізуші мас болған

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам өлді, тағы екі адам зардап шекті.

Жолда тұрған ат - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көлік жылқыға соғылды: бір бала өлді, тағы жетеуі зардап шекті

Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Touareg автокөлігі Сүйінбай көшесінің бойымен оңтүстікке қарай қозғалып келе жатқан. Бұрылар сәтте жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi 100 көлігіне соғылады. Кейінгі көлік Сүйінбай көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан.

Қатты соққы салдарынан көлік он метр жерге ұшып кетеді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi 100 көлігінде отырған жолаушы көз жұмды. Осы көлікте отырған жүргізуші мен екі кішкене бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Балалардың біреуі ауруханаға жеткен соң өлді.

Сондай-ақ, куәгерлер Volkswagen Touareg көлігінің қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқанын және жүргізушісінің мас болғанын жеткізді.

 

Жаңалықтар
0