Оқиға

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты: екі адам өлді

© Photo : skeezeСынған терезе
Сынған терезе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол-көлік апаты салдарынан екі адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Тағы үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Бүгін Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Volkswagen Touareg пен Audi көліктері соғылды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам өлді

Ведомство мәліметінше, 35 жастағы Mercedes-Benz автокөлігі Карл-Маркс көшесінің бойымен Винницк көшесіне қарай келе жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 29 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Volkswagen Passat көлігіне соғылды.

Volkswagen Passat жүргізушісі мен осы көлікте отырған 50 жастағы жолаушы оқиға болған жерде көз жұмды. Ал Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Аталған фактіге сәйкес, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.

"35 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты ауыр. Көп жері сынып, түрлі жарақат алған. Дәрігерлер шокқа қарсы терапия жүргізіп жатыр. Кейінірек ота жасауды бастайды", — деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі тілшісіне.

Тағы екі адам ауруханаға қаралғаннан кейін үйлеріне жіберілді. Бір ер адамның қол сүйегі сынып, көптеген жарақат алған. Қолы гипспен таңылды. Бұдан былай тұрғылықты мекенжайы бойынша қаралып отырады. Үшінші жәбірленушінің жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Жаңалықтар
0