23:47 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
сотталушы

"Басына пакет кигізіп, түнімен қорлады". Ақтөбеде полицейлерге қатысты тергеу басталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
2621 0 0

Қазір Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне қатысты тергеу басталды

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Ақтөбе облысы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы сотталғандарды азаптап, қорлаған полицейлерге қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбеде осы жылдың басында таксисті өлтірді деген айыппен 19 жастағы екі жігіт – Вадим Буняк пен Алексей Чендей сотталған болатын. Алексейдің анасы Ольга Чендей "Ақтөбе Таймс" тілшісімен кездесіп, тергеу кезіндегі полицейлердің заңсыз әрекеттері мен жігіттердің кінәсіздігін айғақтайтын дәлелдер туралы айтып берген еді. 

Ольганың айтуынша, полицейлер Алексейді алғашында адам зорлады деген күдікпен бөлімшеге алып кеткен көрінеді. Алайда кейін оны ұрып-соғып, таксисті өлтіргенін мойындауын талап еткен.

"Олар түні бойы оны азаптап, қорлады! Басына пакет кигізіп, ұрып-соқты. Мұның бәрі іс материалдарында көрсетілген. Ұлымды ұрып-соққаны тіркелгенімен, бұл үшін ешкімді жазалаған жоқ", — деп шырылдаған еді Ольга Чендей. 

Бүгін Ақтөбе облысы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Ақтөбе қаласы ІІБ қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады. 

"ҚР ҚК 146-бабымен (қинау) қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол ҚР ҚПК талабына сәйкес Ақтөбе облысының прокуратурасына берілді. Мұнымен қатар, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада. 


Тақырып бойынша

Алматыда полицей әріптесіне оқ атты: министр істің мән-жайын айтты
Батыс Қазақстанда полицей өз бастығын атып өлтірді
Шымкентте 2 жылға созылған тергеу аяқталды: сот алдына 30 полицей келді
Қостанайда полицей сүйіктісін қызғаныштан өлтіріп, өз-өзіне қол салды
Қостанайда 4 полицей төбелесіп қалды
Кілт сөздер:
пакет, азаптау, түрме, полицей, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырыптар