Оқиға

Алматыда ірі супермаркет өртке оранды - видео

© Photo : КЧС МВД РК"Магнум" супермаркетіндегі өрт
Магнум супермаркетіндегі өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауда орталығы ғимаратында екі дүкеннен өрт шықты, кіреберіс отқа оранған

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Алматы қаласы Әуезов ауданында ірі супермаркет өртенді.

Ғимараттың өртке оранғаны туралы хабар дүйсенбі күні сағат 06:56-да түседі. Оқиға орнына 66 өрт сөндіруші аттанып, 17 техника жұмылдырылды. 

Өрттің мән-жайы туралы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады. Оның айтуынша, екі дүкен өртеніп, жалын кіреберісті шарпыған.

Өртену аумағы 70 шаршы метрді құрады. Өрт 07:29-де ауыздықталып, 07:38-те толығымен сөндірілді.

© Photo : ІІМ ТЖК баспасөз қызметі"Магнум" супермаркеті өртенді
Магнум супермаркеті өртенді - Sputnik Қазақстан
"Магнум" супермаркеті өртенді

ТЖК мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Жаңалықтар
0