Оқиға

Алматы-Бішкек жолында көлік апатынан 21 адам зардап шекті - видео

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖансақтау
Жансақтау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлердің көмегіне жүгінген жиырмадан астам адамның алтауы ауруханаға жатқызылды, біреуі жансақтау бөлімінде

АСТАНА, 28 қазан — Sputnik. Алматы облысы Алматы-Бішкек тас жолында ірі жол апаты болды, салдарынан 21 адам зардап шекті.

жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Петропавлда мас жүргізуші қатты жылдамдықпен соққан жігіттің аяғы жұлынып кетті

Әлеуметтік желіде апаттың қорқынышты суреттері мен видеосы жарияланды. Көлік апаты күндіз болған сияқты, зардап шеккендердің көпшілігі ер адамдар. Қаскелеңге кірер жолда ірі кептеліс пайда болыпты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 21 адам қаралды. Олардың алтауы ауруханаға жатқызылды, біреуі жансақтау бөлімінде.

"Жол апаты түс кезінде болған. Mercedes-Benz Sprinter мен автобус соқтығысып қалыпты", — деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

Полиция мәліметі бойынша, автобустағылар зардап шекпепті. Микроавтобуста болған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Құрбандар жоқ.

Пайда болған кептеліс бірнеше сағатта тарқады, қозғалыс қалпына келтірілген.

Жаңалықтар
0