Оқиға

Қарағанды облысында төрт баланың ата-анасын бауыздап кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам мен әйел адамның денесі Балқаш станциясындағы үйлердің бірінен табылған, әлеуметтік желіде күдіктінің суреті жарияланды

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Қарағанды облысында Балқаш станциясында депо басшысы мен оның әйелін өлтіріп кеткен. Ерлі-зайыптының төрт баласы бар, деп хабарлайды "Өркен-media".

34 жастағы әйел мен 45 жастағы ер адамды бауыздап кетіпті, мәйіттері үйлердің бірінен табылған. Құқық қорғау органдары күдіктіні анықтады. Қазір іздеу шаралары атқарылып жатыр. Қылмыс "Екі немесе одан да көп тұлғаны өлтіру" бабы бойынша тергелуде.

Кеше Instagram желісіндегі Go_balkhash тобында кісі өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды  - 1991 жылы туған ер адам сол станциядағы үйлердің бірінде тұрған көрінеді.


Жаңалықтар
0