11:25 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Хэллоуин

Алматыда Хэллоуин мерекесі кезінде "дарға асылған" адам қаза тапты

© Sputnik / Григорий Сысоев
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
314510

Алматылықтар түнгі клубта Хэллоуин мейрамын тойлап жатқан кезде болған қайғылы оқиға туралы хабарлады

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Әлеуметтік желілерде Алматыда түнгі клубта Хэллоуинді тойлап жатқан кезде кісі өлімі болғаны туралы мәлімет тарады.

Желі қолданушылары хабарлағандай, мерекелік кеште қорқынышты декорация ретінде "дарға асылған" кәдімгі адамдар болған екен. Солардың бірі көз жұмыпты. Түнгі клубта түсірілген видео Instagram желісінде пайда болды.

Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы кісі өлімі болғанын растады, алайда қандайда бір мәліметті полициядан сұрауды өтінген, өйткені тергеу басталып кетіпті. Полиция баспасөз қызметі әлі жауап берген жоқ.

Қайғылы оқиғаға куәгер болған клуб қонағы Sputnik Қазақстан тілшісіне болған жайтты баяндады. Оның сөзіне сүйенсек, мерекелік кеш қарашаның 2-сінен 3-іне қараған түні болыпты.

"Клубқа түн ортасында бардым. Сол түні шоудың бір бөлігі "дарға асылған адамдар" болды, олар белгілі бір қойылым көрсетуге тиіс болған сияқты. Үш адам ілінп тұды ғой деймін. Кенет біреуінің қимыл-қозғалыссыз қалғанын байқадық. Жігітті түсірген кезде, ес-түссіз жатты. Оны аман алып қалуға тырысса да, жедел жәрдем келгенше көз жұмды", — дейді сұхбат беруші.

Бастапқы деректер бойынша, кісі өліміне инфаркт немесе инсульт себеп болған.

Желі қолданушылары қаза тапқан жігіт Қазақстанның танымал каскадері Қасым Жұмағожин деп жатыр. Бұдан бұрып әріптестері 34 жастағы каскадердің қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Nomad Stunts кәсіби каскадерлер тобының баспасөз қызметі айтқандай, марқұмның өлімінің мән-жайы анықталып жатыр.

"Бар айтарым, бұл өндірістік жарақат емес, яғни түсірілім немесе трюк орындау кезінде болған жоқ", — деп мәлімет берді Nomad Stunts баспасөз хатшысы Евгения Ли Sputnik Қазақстанға.

Қасым Жұмағожин 1984 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Спорттық гимнастикадан спорт шебері. Ижевскте өткен Халықаралық цикр өнері фестивалінде "Алтын аю" жүлдесін иеленген.

Жұмағожин 25 қазақстандық, ресейлік және шетелдік фильмге түсті: "Көшпенді", "Дневной дозор", "Рэкетир", "Неудержимые-2", "Балуан Шолақ", "Коловрат", "Викинг", "Жаужүрек мың бала" және тағы басқа.

Тақырып бойынша

Қыздың жан дауысы шықты: Циркте болған сұмдықтың видеосы таралып кетті
Кілт сөздер:
каскадер, түнгі клуб, кісі өлімі, қайғылы оқиға, полиция, Қасым Жұмағожин, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып