12:41 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Аурухана

Жүргізуші әйелі мен баласын қағып кетті: 7 жасар қыз ауруханада көз жұмды

© Sputnik / Алексей Куденко
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
467 0 0

Әйел жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, ал қыз бала ауруханаға жеткізілгенімен, ауыр жарақаты салдарынан комаға түсті

ҚАРАҒАНДЫ, 15 қараша — Sputnik. Туған әкесі көлікпен қағып кеткен жеті жасар қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірі үшін барын салып күрескенімен, алған жарақаттары тым ауыр болып шықты.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер мұндай жарақаттардан кейін тірі қалу мүмкін еместігін айтты.

"Қыз бала ауруханаға түскен кезде бас миы қатты шайқалған, қолы мен аяғы сынған және денесінің көп бөлігі сырылған күйде еді. Бала өздігінен тыныс ала алмай, бірден комаға түсті. Құрамында хирург, жүйке дәрігері және өзге де мамандар бар дәрігерлер тобы бірнеше рет консилиум өткізді. Қыз баланы Майқұдықтағы №1 қалалық ауруханаға жеткізген соң, әрі қарай ешбір клиникаға бағыттай алмадық — жағдайы тым ауыр болды. (…) Мұндай жарақаттар кішкене бала үшін оңай емес", — деді басқарманың баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Осы уақытқа дейін Қарағанды облысы Тоғызқұдық ауылының маңында (бұрынғы Ульянов елді-мекені) ер адам өзінің әйелі мен қызын қағып кеткенін хабарлаған едік. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды, ал қызы жансақтау бөлімінде өмір мен өлім арасында арпалысты.

Тақырып бойынша

Алматыда рөлге ие бола алмаған жүргізуші қарт әйелді қағып өлтірді
Астанада 15 жастағы қызды автобус қағып өлтірді
Атырауда аялдамада тұрған әйел мен 3 жасар баланы көлік қағып өлтірді
Аялдамада әйелді көлік қағып өлтірді – жантүршігерлік сәттің видеосы жарияланды
Шымкентте 58 жастағы жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді
Алматыда автобус жолда отырған кісіні қағып өлтірді
Шымкентте мас жүргізуші он жасар қызды қағып өлтірді
Кілт сөздер:
оқиға, ер адам, әйел, қыз бала, жансақтау бөлімі
Загрузка...

Басты тақырып