11:26 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Аяқ киім

Германияда қазақстандықты құтқармақ болған жасөспірім ажал құшты

© Sputnik / Алексей Филиппов
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
472 0 0

Қайғылы оқиға 13 қараша күні Германияның Кобленц қаласында болды. Қазақстан азаматы ауыр халде жатыр

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Германияның Кобленц қаласында Қазақстан азаматын құтқармақ болған 17 жастағы жасөспірім пойыз астына түсіп көз жұмды. Қайғылы оқиға 13 қараша күні Остендшрассе станциясында болды, деп хабарлайды .

Кобленц қаласы полиция федералдық басқармасы өкілінің айтуынша, жергілікті тұрғын пойыз рельсіне жатып алған мас ер адамды құтқарып қалмақ болған.
Жасөспірім жақындап қалған пойызды көріп, ер адамды теміржолдан итеріп, шығарып тастайды. Бірақ өзі үлгермей, пойыз астына түсіп өледі. Осы жағдайдан кейін ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оның қанында 2,6 промилле алкоголь болған.

Кейін рельске жатып алған ер адамның 44 жастағы тұрақты мекенжайы жоқ Қазақстан азаматы екені анықталды. Онымен бірге Үндістан азаматы да өмірімен қош айтыспақ болып, рельске жатып алған. Ол жеңіл жарақат алды.

Жасөспірім жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Тақырып бойынша

Сүйіктісімен әзілдеспек болған әйел пойыз астына түсті — видео
Теміржолда тұрған 59 адамды пойыз басып өлтірді
Пойыз жолсерігі шетелдік студентке жоғалған әмиянын қайтарып берді
Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?
Семейде 21 жастағы қызды пойыз қағып кетті
Германияда екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті
Астана маңында ер адам пойыз астына түсіп көз жұмды
Кілт сөздер:
жасөспірім, аурухана, пойыз, Қазақстан азаматы, Германия
Загрузка...

Басты тақырып