13:05 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Мұз

Алматыда әйел басына мұз түсіп көз жұмды — видео

© Sputnik / Алексей Даничев
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
744 0 0

Әзірге полиция бұл жағдайды жазатайым оқиға деп қарастырып отыр

АЛМАТЫ, 20 қараша — Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданында көпқабатты үйдің маңынан өтіп бара жатқан әйелдің басына мұз түсіп ажал құшты. Мұз шамамен 11-қабаттан түскен.

Қайғылы жағдай 20 қараша күні сағат 13:45 шамасында Әл-Фараби даңғылынан төмен Марков көшесінің бойында болды. Полицияның алдын ала нұсқасы бойынша, Adal Residence тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатқан әйел басына 11-қабаттан мұз түсіп көз жұмған.

Қайғылы жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған.

"Қазіргі сәтте марқұм әйелдің кім екені анықталды. Ол көзі тірісінде жақын маңайдағы үйде тұрған. Ауыр жарақат салдарынан 60 жастағы жәбірленуші сол жерде көз жұмды", — деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, оқиға болған жерде тергеп-тексеру тобы жұмыс істеген. Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген.

Әзірге бұл жағдай жазатайым оқиға ретінде қарастырылып отыр.

Тақырып бойынша

Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
"Күтпеген жерден..." Астанада тағы екі жүкті әйел көз жұмды
Дүркіретіп той өткізген жас жұбайлар бір сағаттан соң көз жұмды
Студент қыз құймақ жеуден өткен жарыста көз жұмды
Екі жасар қыз шұжықтан уланып көз жұмды: өнімге сараптама жүргізілді
Кеудесіне пластикалық ота жасатқан алматылық әйел көз жұмды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды
Кілт сөздер:
әйел, мұз, жәбірленуші, тұрғын үй, полиция, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып