Оқиға

Қарағанды облысында 45 адам мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты - фото

© Photo : КЧС МВД РКАвтобус апаты
Автобус апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шегіп, бір ер адам қаза тапқан

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты 21 қарашада таңертең Қызылорда – Павлодар жолының 982-ші километрінде болды, деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

45 жолаушы мінген автобус Қушоқы ауылынан Қарағанды қаласына бара жатқан. Апат салдарынан оқиға орнында 28 жастағы жолаушы көз жұмды.

Тағы екі жолаушы автобус ішінде қысылып қалыпты – оларды құтқарушылар шығарып алды.

© Photo : ҚР ІІМ ТЖКҚарағанды облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты

Тоғыз адам, оның ішінде бір бала, әртүрлі жарақатпен Қарағандының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді.

Жаңалықтар
0