Оқиға

Петропавлда Азия чемпионын автобус қағып өлтірді

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция трагедияның мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Петропавлда Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін жүлдегері Виктория Шестопалованы автобус қағып кетті. Ол алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады Петропавловск.news. 

Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды

Трагедия кеше кешкі сағат 18:00 шамасында Жабаев және Чайковский көшелерінің қиылысында болған. 23 жастағы Петропавл тұрғынын бағдардағы автобус қағып кеткен. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағына сәйкес, "Көлік құралдарын пайдаланатын тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды"- деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.

Жол апатының мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.   


Жаңалықтар
0