Оқиға

Астанада кәріз құдығынан 14 жастағы қыздың денесі табылды

© Photo : ДЧС АстаныАстанада оқушы құлап кеткен құдық
Астанада оқушы құлап кеткен құдық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәріз құдығы Қошқарбаев пен Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысында орналасқан

АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың денесі кәріз құдығынан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қыздың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәліметінше, бүгін Қошқарбаев пен Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысында құтқарушылар беті ашық тұрған кәріз құдығынан 14 жастағы қыздың мәйітін шығарды. 

Марқұм туған-туысқандарымен кеше сағат 16:00-ден бері байланысқа шықпаған. 

Еске сала кетсек, ақпан айында Көкшетауда екінші сынып оқушысы құдыққа құлап кеткен еді. Айғайлап көмек сұраған баланың даусын 12 жастағы оқушы естіген. Ол бірден құтқарушыларға хабар беріп, мектептегі адамдарды көмекке шақырған. 

 

Жаңалықтар
0