Оқиға

Ресейде бес қазақстандық қаза болды

© Photo : Rico_LoebЖолда апатты жағдайда тоқтау белгісі
Жолда апатты жағдайда тоқтау белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орынбор облысында жол апатынан бес қазақстандық көз жұмды, екеуі жарақат алды

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Ресейде шекаралас аймақта Қазақстан азаматтары жол апатына ұшырады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Саратов облысында автобус пойызбен соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстан азаматтары Ресейде жантүршігерлік апатқа ұшырады

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бейсенбі, 28 қарашада сағат 13.00 шамасында Орынбор облысындағы Елшанка ауылының маңында болған.

Орынбор – Соль-Илецк автожолының 52-ші шақырымында MAN жүк көлігі мен Volkswagen Sharan соқтығысты, жеңіл көлікте жеті Қазақстан азаматы болған.

Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза болды, екеуі Соль-Илецк ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандардың үшеуі Ақтөбе облысының, екеуі Қызылорда облысының тұрғыны.  


Жаңалықтар
0