Оқиға

Шығыс Қазақстанда жойқын өрт екі сәбидің өмірін жалмады

© Photo : CC0 / PexelsӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан 2015 және 2017 жылдары туған екі бала қаза тапты

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қайғылы оқиға сәрсенбі 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылында болған.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Менен бәрі қорқады". Қатты күйіп қалған бала Аяз Атадан жаңа бет-әлпет сұрады

Өрт туралы хабар 13:15 түсті, жеке тұрғын үй өртенген, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт салдарынан екі бала қаза тапқан: біреуі үш жаста, екіншісі бірде.

Бастапқы деректерге сүйенсек, өртену аумағы 100 шаршы метрді құрапты.

Ең жақын өрт сөндіру бөлімі ауылдан 40 шақырым жерде болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан төрт адам мен бір техника қатысты.

Өрт 15:05-те ауыздықталған.

Жаңалықтар
0