08:05 10 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.55
  • EUR426.57
  • RUB6.05
Бала

Астанада қатты аязда сәби сырт киімсіз далаға шығып, жоғалып кетті

© Sputnik / Владислав Воднев
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Астана жаңалықтары (89)
734 0 0

Елорда аулаларының бірінен жұқа кофта мен джинсы ғана киген балақай табылды, кейінірек белгілі болғандай, үлкендердің қарауынсыз қалған ол үйден шығып кетіпті

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Керей Жанибек хандар көшесіндегі үйдің ауласынан шамамен үш жасар баланың табылғаны туралы елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі басшысы Эльвира Жүргенбаева Facebook желісінде хабарлаған болатын.

Ер бала кофта, джинсы және бәтеңке ғана киген екен. Жүргенбаева сәби туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден хабарласуын өтініп, телефон нөмірлерін көрсетті.

Кейінірек ол жазбасын жаңартып, баланың ата-анасы табылғанын хабарлады. Олар жұмыста болғанда, сәби туыстарымен үйде қалыпты.

Үлкен ағасы жұмысқа кетіп, екінші ағасы ұйықтап жатқанда, балақай далаға шығып кеткен. Екінші ағасы оянып, баланы үлкен ағасы алып кетті деп ойлайды. 

"Қазір сәби анасымен бірге", — деді Жүргенбаева.

Ол ата-аналарға баланы қараусыз қалдырмауға кеңес берді.


Тақырып:
Астана жаңалықтары (89)

Тақырып бойынша

Жабық аялдаманың орнына: Астанада кезекші автобустар жолаушыларды жылытады
Астанада қатты аязға байланысты жұмыс күні қысқаруы мүмкін
Астанада үсік шалған екі бала ауруханаға түсті
Астанада қатты аяздан мектептер жабылып жатыр
Астана тұрғыны оқушы ұлын аязда автобустан түсіріп кеткенін айтты
Астана мен үш облыста қатты аязға байланысты дабылды ескерту жарияланды
Кілт сөздер:
қатты аяз, жоғалып кету, бала, Астана
Загрузка...

Басты тақырып