Оқиға

Атырауда ер адам жүріп бара жатқан көлікте тірідей өртеніп кетті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖанып жатқан автокөлік
Жанып жатқан автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші көліктен шығып үлгермеді, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысының Индербор елді мекенінде Lada Priora көлігі жүріп бара жатып жанып кетті. Өрт салдарынан көлік иесі көз жұмды. 

Жарықшақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда көліктер өртеніп, адамдар көз жұмды – видео

Қайғылы оқиға 28 желтоқсан күні болған. 56 жастағы жүргізуші көлік құралынан шыға алмай, тірідей жанып кеткен, деп хабарлады "Ақжайық" газеті. 

Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

 Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурызында Маңғыстау облысының Ақтау- Бейнеу тасжолында жол апатынан Өзбекстанның алты азаматы көз жұмды. Lada Largus Shacman жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кетті.   

2018 жылдың қаңтарында Қазақстан аумағында осыған ұқсас трагедия болды. Самара — Шымкент тас жолында автобус өртеніп, 52 адам көз жұмды. Барлығы – Өзбекстан азаматы.  


Жаңалықтар
0