19:52 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Өрт

Павлодарда өрт кезінде сегіз жасар қыз қаза тапты

© Foto: CC0 / Pexels
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
431 0 0

Павлодар мен Қарағандыда жаңа жыл түні болған өрт үш адамның өмірін қиды

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Жаңа жыл түні Павлодар тұрғындары үшін қайғылы аяқталды. Он қабатты үйде сегіз жасар балаға иіс тиіп, көз жұмған.

Өрт шыққаны туралы хабар құтқарушыларға түнгі 02.11-де түскен. Павлодарда Ледовский көшесіндегі он қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 12 шаршы метр аумақ өртеніпті.

"Өрт 02:43-те ауыздықталып, 03:30-да толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру күштері 75 адамды эвакуациялап, үш адамды құтқарды. Өрт салдарынан үш тұрғынға иіс тиіп қалған", — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем 43 және 67 жастағы қала тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ал 2011 жылы туған қыз ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырған.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бірінші қаңтар күні Қарағандыда жеке тұрғын үйдегі өрттен кейін 58 және 62 жастағы адамдардың денелері табылған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екеуі де мас болыпты.

Тақырып бойынша

Астана жатақханаларының бірінде өрт болды
Шығыс Қазақстанда жойқын өрт екі сәбидің өмірін жалмады
Түнде Ақтауда ірі өрт болды
Кілт сөздер:
қаза тапқандар, өрт, жаңа жыл, Қарағанды, Павлодар
Загрузка...

Басты тақырып