Оқиға

Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты

© AP Photo / Bikas DasТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізілген тексеру жұмыстарынан кейін полиция сотқа дейін тергеу жұмыстарын бастаудан бас тартты

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Ақтаудағы GOSTI караоке барының алдында болған төбелеске қатысушылардың бірінің қолында тапанша болған. Осы қарудың ойыншық екені анықталған соң полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты, деп хабарлайды lada.kz.

Ақтау түнгі клубының жанындағы төбелес - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда түнгі клубтың жанындағы төбелес атысқа ұласа жаздады – видео

"Оқиға болған жерге келген полицейлер тапаншамен қорқытқан ер адамды ұстады. Кейін оның қолындағы тапаншаның ойыншық екені анықталды", — деді Ақтау полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Ойыншық иесі ауыр қылмыс жасамағандықтан, аталған фактіге сәйкес қылмыстық іс қозғалмады.

Екі топ ер адам арасындағы төбелес өткен түні Ақтау қаласының №14 шағын ауданында GOSTI караоке барының алдында болды.

Төбелес кезінде ер адамдардың бірі көлігіне барып, ішінен тапанша алып келеді. Куәгерлердің бірі төбелесті тоқтату үшін полиция шақырған. Оқиға кезінде зиян шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Жаңалықтар
0