Оқиға

Жаңаөзенде автокөлік жол ортасында жарылып кетті – видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨртеніп жатқан автокөлік
Өртеніп жатқан автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік толығымен жанып кеткен, ер адамды күйік шалды – ол ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Жаңаөзенде кеше кешке Toyota Cаmry автокөлігі өртеніп, кейін жарылды. Желіде жарылыстың видеосы жарияланды.    

Бұл туралы "Лада" газеті Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, жалын 11 минутта сөндірілген, алайда артынша жарылыс болған.

"Автокөлік толығымен жанып кетті. Өрт кезінде 1987 жылы туған ер адам зардап шекті. Өртке не себеп болғаны анықталып жатыр", — деп атап өтті Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қолдарының білезігі мен бетін күйдіріп алған зардап шегуші ауруханаға түсті. Оның жағдайы тұрақты, Жаңаөзен қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр, деп атап өтті Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  


Жаңалықтар
0