Оқиға

Алматыда ірі апаттан екі бала зардап шекті

© SputnikСаин және Жаңажол көшелерінің қиылысындағы жол апаты
Саин және Жаңажол көшелерінің қиылысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Maxima бар жылдамдықпен Hyundai Elantra көлігіне соқтығысты, оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Жол апаты Саин және Жаңажол көшелерінің қиылысында болды.  

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Elantra Саин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізуші Жаңажол көшесінде солға бұрылады. Осы кезде Саин көшесімен солтүстік бағытта Nissan Maxima келе жатқан.   

© Sputnik / sputnikСаин және Жаңажол көшелерінің қиылысындағы жол апаты
Саин және Жаңажол көшелерінің қиылысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Саин және Жаңажол көшелерінің қиылысындағы жол апаты

 Hyundai Maxima-ны өткізіп жібермеген. Соңғы аталған көлік тежегішті басып үлгермей, бар жылдамдықпен Hyundai-ды соққан. Осыдан кейін Maxima жиектасқа ұшып түскен.   

Жол апаты салдарынан екі бала зардап шекті, екеуі де — Maxima-ның жолаушысы. Олар ауруханаға жатқызылды. 

© Sputnik / sputnikСаин және Жаңажол көшелерінің қиылысындағы жол апаты
Саин және Жаңажол көшелерінің қиылысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Саин және Жаңажол көшелерінің қиылысындағы жол апаты

Оқиғаның мән-жайын жол полициясының қызметкерлері анықтап жатыр.    


Жаңалықтар
0