Оқиға

Қасымов браконьерлердің қорықшыларға шабуылына қатысты мән-жайды баяндады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚару
Қару - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Охотзоопром" инспекторын өлтіргендердің арасында Қызылорда облысының тұрғындары бар болып шықты

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК екі инспекторына шабуыл жасады деген күдікке ілінгендердің арасында Қызылорда облысының тұрғындары бар. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов парламент сенатының пленарлық отырысынан кейін хабарлады.

ІІМ басшысы сондай-ақ  браконьерлердің арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жоқ екенін атап өтті.

"Иә, олар Қызылорданың тұрғындары. Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне бағыттама таратылды. Куәгерлер бар, онда екі көлік болған. Қазір іздеу жарияланды. (…) "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деген Қасымов күдіктілер әлі ұсталмағанын атап өтті. 

Министрдің айтуынша, қылмыскерлер екі көлікте болған, қылмыс жасауға көліктердің біріндегі үш адам қатысқан. 

Жараланған қорықшыны неліктен санавиация тасымалдамады?

Қасымов қорықшыларға жасалған шабуыл жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Қылмыскерлер қашып бара жатып, кілтті алып, навигаторды сындырып кеткен болып шықты.

"Сондықтан, екінші көлік оларды (инспекторларды – Sputnik)  бірден таба алмады. Оны ауруханаға алып барғанша біраз уақыт өтіп кеткен. Таңертең санавиацияны қолданғымыз келді, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты тікұшақты шығара алмадық, ұшуға рұқсат бермеді", — деп түсіндірді Қасымов.

Қарағанды облысында адамдарға оқ атылды

13 қаңтар күні Қарағанды облысында екі инспектор Қызыл кітапқа енген ақбөкендердің өлігін тауып алып, доңғалақ ізі арқылы аңшылардың екі джипін қуып жеткен.

Қорықшылар автокөліктерді тексеріп жатқанда көліктердің бірінен оларға оқ атылған. Салдарынан "Охотзоопром" қызметкерлерінің бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада қайтыс болды.


Жаңалықтар
0