Оқиға

Алматы облысында 18 жастағы жігіт жолдасының жүрегіне пышақ сұққан

CC0 / / Пышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолдастардың бас қосуы кезінде екі жігіт арасында жанжал шығады

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Алматы колледждерінің бірінде оқитын 17 жастағы студент, болжам бойынша, өз жолдасының қолынан ажал құшты. Қайғылы оқиға Алматы облысы Жалпақсай ауылында болған.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбедегі мектептер арасындағы төбелес: оқушылардан пышақ іздеп жатыр

Демалыс күндері қаза тапқан жігіт Дастан Көрпеш өз үйінде жолдастарымен бірге бас қосады. Бір кезде қонақтардың бірімен арада кикілжің басталыпты. Жанжал салдарынан жолдасы Дастан Көрпештің жүрегіне пышақ сұғады. 17 жастағы жігіт алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды, деп хабарлайды "Алматы".

Өлтірілген жігіттің отбасы жақында ғана баспана сатып алған, деп хабарлады көршілері. Кейбірі сенбі күні кешкісін бірнеше жігіттің Дастанның үйіне кіргенін көріпті.

"Олардың кім екенін білмейміз, қараңғы болатын, түрлерін көрмедік", — дейді көрші әйел.

Жігітті өлтірді деген күдікке Қарасай ауданының 18 жастағы тұрғыны ілінді. Қазір ол ұсталған, қамауда отыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0